14.10.2015, 10:27 4060

"Қорғастыӊ" қырағы шекарашылары

Еліміздіӊ шығысында орналасқан "Қорғас" шекаралық бақылау-өткізу бекетініӊ шекарашылары (қазақ-қытай шекарасы) заӊсыз тауар алып өтпек болған үш деректіӊ жолын кесті

Астана. 14 Қазан. Kazakhstan Today - Еліміздіӊ шығысында орналасқан "Қорғас" шекаралық бақылау-өткізу бекетініӊ шекарашылары (қазақ-қытай шекарасы) заӊсыз тауар алып өтпек болған үш деректіӊ жолын кесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бірінші жағдайда, жоғарыда аталған бекеттіӊ шекаралық бақылаушылары Халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығынан біздіӊ елімізге келе жатқан 33 жастағы Қазақстан азаматшасын ұстады. Ол көз қысты, бармақ басты жолмен салмағы 200 килограмдай болатын дәрі-дәрмектерді (Қытайда шығарылған) алып өтуге тырысты.

Екінші жағдайда, шекаралық және кедендік бақылаудан өткен соӊ Қытай Халық Республикасынан біздіӊ елімізге келе жатқан "Исем" есімді азаматша ұсталды. Аталған отандасымыз тексеруден өте салысымен "Қазпошта" аксионерлік қоғамыныӊ жергілікті бөлімшесіне қарай құстай ұшады. Бұдан кейін ол азаматшаныӊ "Ауди-100" автомашинасын тексерген кезде ғайыптан, жарияланбаған 24 дана қорап жүксалғыштан шыға келді. Қораптардыӊ ішіндегісі "HD X tender" теледидарыныӊ жабдықтары екен. Аз емес, жалпы саны 506 дана болып шықты.

Үшінші жағдайда да, шекаралық және кедендік бақылаудан өткен соӊ Қытай Халық Республикасынан біздіӊ елімізге келе жатқан Казақстан азаматы "Мұқамед" ұсталды. Ол да дәл осындай жолмен "Ауди-100" автомобилімен жарияланбаған бір қорап алып өтпек болған. Қораптан "HD" деп аталатын сыртқы бақылау камералары шықты. Жалпы саны - 16 дана екен.

Жарияланбаған тауарлардыӊ барлығын шекарашылар жергілікті кеден бекетініӊ қызметкерлеріне акті бойынша тапсырды.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны