17.04.2017, 18:10 5878

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті "Түлек - 2017" бос жұмыс орындары жәрмеӊкесін өткізді

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті қалалық жұмыспен қамту және және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесе отырып "Түлек - 2017" бос жұмыс орындары жәрмеӊкесін алғаш рет өткізді. Бұл туралы университеттіӊ баспасөз қызметі хабарлады.

Қызылорда. 17 сәуір. Kazakhstan Today - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті қалалық жұмыспен қамту және және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесе отырып "Түлек - 2017" бос жұмыс орындары жәрмеӊкесін алғаш рет өткізді. Бұл туралы университеттіӊ баспасөз қызметі хабарлады.

Шараға оқу орнын биыл бітіретін 800-ге жуық түлек және жүзден астам жұмыс беруші тараптыӊ өкілдері қатысты. Сондай-ақ, әлеуметтік маӊызға ие мұндай игі бастамаға қолдау көрсету мақсатында Қызылорда қаласы әкімініӊ орынбасары Шахмардан Байманов, ҚР Иділет министрлігі Қызылорда облысы Иділет департаментініӊ бастығы Қалдыбек Сапаров пен өндіріс орындарыныӊ, білім беру ұйымдарыныӊ және қаржылық құрылымдардыӊ басшылары келіп қатысты.

Өткен жылы осы оқу орнын бітірген 700-ге жуық түлектіӊ бүгінде 85 пайызы жұмыспен қамтылған. Сонымен қатар, бос жұмыс орындары жәрмеӊкесі аясында университет ректоры Қ.А.Бисенов 10-нан аса бітіруші түлекке өз мамандықтарына сәйкес жұмысқа орналасуға жолдама табыстады.

Бос жұмыс орындары жәрмеӊкесі барысында 107 жұмыс беруші тарап бос жұмыс орындарын ұсынды.

Университет ректоры Қ.А.Бисенов жұмыс беруші 9 мекеменіӊ өкілімен өзара қызмет және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, келісім жасасты.

Жас маманға жұмысқа тұруға мол мүмкіндік ұсынған бос жұмыс орындары жәрмеӊкесіне бітіруші тілектер өз ризашылықтарын білдірді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны