05.04.2017, 18:59 5191

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетініӊ 80 жылдығына орай пәндік олимпиада өтті

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетініӊ 80 жылдығына орай Экономикалық теория және мемлекеттік басқару кафедрасыныӊ ұйымдастыруымен экономикалық мамандықтарда оқитын студенттер арасында "Экономикалық теория" пәні бойынша облыстық пәндік олимпиада өтті.

Қызылорда. 5 сәуір. Kazakhstan Today - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетініӊ 80 жылдығына орай Экономикалық теория және мемлекеттік басқару кафедрасыныӊ ұйымдастыруымен экономикалық мамандықтарда оқитын студенттер арасында "Экономикалық теория" пәні бойынша облыстық пәндік олимпиада өтті.

Білім бәсекесіне барлығы 9 команда қатысты. Атап айтсақ, "Ақмешіт" гуманитарлық-техникалық институтыныӊ "Бәсеке" командасы, "Болашақ" университетініӊ "Баланс" және "Болашақ" командалары және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетініӊ "Аудит", "Dinero", "Пирамида", "I-TEAM", "Social Vision", "Гуманист" командалары қатысты.

Пәндік олимпиадаға ғылыми-техникалық кітапхана қызметкерлері болашақ экономистерге арнап кітап көрмесін ұйымдастырды. Олимпиада үш кезеӊнен тұрды. Олимпиада нәтижесімен І орынды "I-TEAM" командасы, ІІ орынды "Пирамида" командасы, ІІІ орынды "Social Vision" командасы иеленді. Сонымен қатар, қатысушы командаларға "Білімпаз", "Fashion топ", "Жаӊашыл жоба", "Илеуметтік маӊызды жоба", "Парасатты топ", "Өнерпаз топ" номинациялары берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны