26.05.2017, 15:38 4845

Қорқыт ата атындағы ҚМУ қырғыз жастарын білім алуға шақырады

Мамыр айыныӊ 18-19 күндері аралығында Қырғызстанныӊ астанасы Бішкек қаласында "Қазақстанныӊ білім күндері" халықаралық көрмесі өтті. Халықаралық көрмеге Қазақстанныӊ қырыққа жуық жоғары оқу орны қатысты. Оныӊ қатарында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетініӊ делегациясы да бар.

Қызылорда. 26 мамыр. Kazakhstan Today - Мамыр айыныӊ 18-19 күндері аралығында Қырғызстанныӊ астанасы Бішкек қаласында "Қазақстанныӊ білім күндері" халықаралық көрмесі өтті. Халықаралық көрмеге Қазақстанныӊ қырыққа жуық жоғары оқу орны қатысты. Оныӊ қатарында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетініӊ делегациясы да бар. Университеттіӊ баспасөз қызметі хабарлағандай, Халықаралық көрме жұмысы көршілес елдіӊ жастарын Қазақстанда білім алуға шақыруды мақсат етеді. Көрме барысында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетініӊ тағылымды тарихы, білім беру жүйесі кеӊінен таныстырылды. Сондай-ақ көрмеге қатысушылар оқу орны ұсынатын мол мүмкіндіктерден де хабардар болды.

Бүгінде Қорқыт Ата атындағы ҚМУ делегациясы кәсіби бағдар беру жұмыстарын ойдағыдай жүргізуде. Халықаралық көрме жұмысы мамырдыӊ 22-23 аралығында Өзбекстанныӊ астанасы Ташкент қаласында өз жалғасын табады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны