27.04.2007, 18:09 3289

Қоршаған ортаны қорғау министрлігі 2008 жылдан бастап қоршаған ортаға таралатын зиянды заттарға аймақтық квота белгілемек

АСТАНА. 27 - сәуір. Kazakhstan Today. Қоршаған ортаны қорғау министрлігі 2008 жылдан бастап ауаға таралатын зиянды заттарға аймақтық квота белгілемек. Бұл туралы бүгін "Қазақстанның бәсекелестікке қабілеттелігінің тұрақты өсу стратегиясы" парламенттік тыңдалымы барысында қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Илжан Бралиев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Илемнің дамыған 50 елдері қатарына кіру үшін Қазақстан қоршаған ортаға зиянды заттардың таралу көрсеткішін төмендетуі қажет. Осы мақсатта министрлік шетелдік әріптестеріміз сияқты келесі жылдан бастан Қазақстан аймақтары үшін ауаға зиянды заттардың бөлінуіне квота белгілемек. Және де бұл булы газдарға ғана қатысты емес",- деп мәлім етті И. Бралиев.

"Енді өнеркәсіп кәсіпорындары өздерінен бөлінетін зиянды заттарды аймақтық квотамен өлшеулеріне мәжүбүр болады",- деп түсіндірді ол.

Бұл, вице-министрдің пікірінше, "экологиялық ахуалдың жақсаруына мүмкіндік туғызуға тиіс". "Сондай-ақ қазақстан аумағының бәсекелестікке қабілеттілігінің жалпы деңгейі, олардың инвестициялық қызығушылық тудыру деңгейі өседі",- деп қосты ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны