Система Orphus

Қоршаған ортаны қорғау министрлігі экологиялық төлемдерден түскен барлық түсімдерді Ұлттық қорға аударуды ұсынады

13.10.2009, 16:37 2015

Астана. 13 қазан. Kazakhstan Today - Қоршаған ортаны қорғау министрлігі экологиялық төлемдерден түскен барлық түсімдерді Ұлттық қорға аударуды және оны тек экологиялық мұқтаждықтарға ғана жұмсауды ұсынады. Бұл туралы бүгін Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің отырысында Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Ишімов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Қоршаған ортаны қорғау министрі отырыста "Қоршаған ортаны қорғаудың ағымдағы жағдайы және даму перспективалары" деген тақырыпта баяндама жасады.

"Икімдер үшін экология жергілікті бюджетке ақша табатын көзге айналды. Оның әрі кетсе 23% экологияға бағытталады, қалғаны экологияға қатысы жоқ басқа мақсаттарға жұмсалып кетеді. Ал жылына жиналатын экологиялық төлемдердің көлемі 70 - 80 млрд теңгеге жетеді", -деді Н. Ишімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны