05.07.2006, 14:11 4130

Қоршаған ортаны қорғау министрлігі халық бұқараның шешім қабылдауға атсалысу тетіктерін күні бүгінге дейін дәйектемеген

Қоршаған ортаны қорғау министрлігі халық бұқараның шешім қабылдауға атсалысу тетіктерін күні бүгінге дейін дәйектемеген

АЛМАТЫ. 5-шілде. Kazakhstan Today. Қоршаған ортаны қорғау министрлігі халық бұқараның шешім қабылдауға атсалысу тетіктері мен олардың пікірімен санасу тәртібін күні бүгінге дейін дәйектемеген. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне “Жасыл құтқарушылар” экологиялық қоғамының заңгері Светлана Каторча хабарлады.

“1997-жылы “Қоршаған ортаны қорғау туралы” заң қабылданды. Бұл заңда министрлік пен орталық мекемелер халық бұқараның шешім қабылдауға атсалысу тетіктері мен олардың пікірімен санасу тәртібін дәйектеуге тиіс деп көрсетілген. Алайда олар күні бүгінге дейін дайындалған жоқ”,- деді С.Каторча. Құқық қорғаушының түсініктемесіне сәйкес, “министрлік бәр жерде Қоршаған ортаға әсерді бағалау жөніндегі инструкцияны басшылыққа алып келген. Ал бұл қоршаған ортаны қорғауға қатысты құжат. Онда қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу процедурасы көрсетілген. Министрлік осыны нормативтік-құқықтық акт ретінде пайдаланып келген. Шын мәнінде ол нормативтік-құқықтық құжат болып табылмайды”. 2005-жылы сот Қоршаған ортаға әсерді бағалау жөніндегі инструкцияны нормативтік-құқықтық акт деп танымағаннан кейін Қоршаған ортаны қорғау министрлігі бұл инструкцияны заңдастырған. “Құжат қоғамдық пікірді есепке алу тәртіптерін де, мемлекеттік мекемелердің шешім қабылдау тетіктерін де айқындай алмайды”.

Қоғамдық пікірді есепке алу тетіктерінің жасалмауы Орхус конвенциясын бұзудың басты себебі болып табылады, дейді заңгер.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, С.Каторчаның айтуынша, Алматыдағы құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында Орхус конвенциясы мен ұлттық заңнамалар бұзылуда.

“Орхус конвенциясына сәйкес, халық бұқара үкіметтің құрылыс жұмыстарына қатысты тікелей іс-әрекеттеріне тікелей атсалысуға тиіс. Қазақстан бұл конвенцияға қол қойып, орындауға міндеттеме жүктеп алды. Ийтсе де өкінішке орай қазіргі жағдаймен оны орындамай отыр”,- деді С.Каторча. Заңгердің айтуынша, “қаланы қайтадан салу, шын мәнінде жеке меншік үйлер орналасқан ондаған гектар жерлерді мемлекеттің қажеттілігіне деп тәркілеп алу оқиғаларының бәрі де халықтың пікірі мен қатысуынсыз жасалуда. Оған себеп, ұлттық заңнамада қоғамдық пікірді есепке алу тәртіптері айқындалмаған”.

Орхус конвенциясы 1998-жылы Данияда Еуропа елдерінің экология министрлерінің бас қосуында қабылданған құжат. Ол қоғамдық бірлестіктер тарапынан қоршаған ортаны қорғау проблемаларына қатысты кез-келген ақпаратты алуға құқық береді. Сонымен бірге конвенцияда жұртшылықтың экология саласындағы маңызды шешімдерді қабылдауға тікелей атсалысу мүмкіндігі қарастырылған. Атап айтсақ, “Орхус конвенциясы ақпарат алу, өз мүддесін сотта қорғау, шешімдерді қабылдауға атсалысу сынды адамның басты құқықтарын қолайлы қоршаған ортада өмір сүру құқығымен сабақтастырады”. “Адам экологиялық тұрғыда қандай қауіп-қатерге бас тіккені туралы ақпараттан хабардар болуға құқылы және қатер төнген жағдайда оған саналы түрде жауап қату мүмкіндігіне ие болуға тиіс. Ирбір азаматтың ажырамас құқығы ол – тек ақпарат алу ғана емес, сонымен бірге қоршаған ортаға әсер етуі мүмкін және жергілікті қоғамдастыққа қамтылатын тұрғындардың өмірі мен денсаулығына жаңаша қатер төндіруі мүмкін шешімдерге ықпал ете алуға да саяды”,- делінген конвенцияда. “Демек, демократия мен адам құқықтарын қорғау тетіктерін пайдалана отырып экологиялық тәуекелдерді еңсеру – конвенцияның басты формуласы болып табылады”,- делінген құжатта.

“Біздің құқықтарымызды ешкім де елеп-ескермейді. Мұндай жағдайда ерте ме, кеш пе біз әйтеуір құлдырауға душар болатынымыз анық”,- дейді С.Каторча. Көптеген сарапшылар оның пікірімен қосылады.

“10 балл шамасында жер сілкіну қаупі бар сейсмологиялық қауіпті аймаққа жататын Алматыда (Сәтпаев атындағы көшеден жоғары және Алматинка өзенін бойлай – 10 балл) құрылыс нормалары мен тәртіптеріне сәйкес құрылыс салғанда әрбір гектарда 300 адамнан аспайтындай етіп есептеу керек. Ал қазіргі көп қабатты құрылысқа инвестиция жұмсаушылар бұл санды бір гектарға 20 мың адамнан есептеп норма шығару саясатын жүргізуде”,- деді сәулет және құрылыс саласының маманы.
Ал ҚР төтенше жағдайлар министрлігіндегі ақпарат көзінің айтуынша, Алматының қазір осалдығы арта түсті, қалаға алапат жер сілкінісі қаупімен бірге “екінші факторлар да” қауіп төндіруде. “Қаладағы үйлер бір-біріне өте жақын ығы-жығы салынуда. Бұрын үйлердің арасында бос жерлер, адамдарды эвакуациялайтын жолдар, жер сілкінісі кезінде халық жиналатын орындар болатын. Ал қазір бұлардың біреуі де жоқ. Қаланың осалдығы арта түсті”,- деді ол.

Қазір Алматыда 250-ден астам жанармай тарату бекеттері бар. Жер сілкінісі болған жағдайда бұл бекеттерде өрт шығуы мүмкін. “Барлық жанармай тарату бекеттері тұрғындарды эвакуациялайтын жолдарда тұр. Демек, жаманат туған жағдайда адамдар қашып шығатын жолдар жабық. Құтқару жұмыстарын жүргізетін жерлерге құтқарушылардың өзі жете алмай қалатын түрі бар”,- деді ақпарат көзі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны