08.04.2008, 12:52 3477

Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Shell компаниясына табиғат қорғау бағдарламасын қайта қарауға нұсқау берді

Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Shell компаниясына табиғат қорғау бағдарламасын қайта қарауға нұсқау берді

Астана. 8 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Shell компаниясына табиғат қорғау іс-шараларының жоспарын қайта қарауға нұсқау берді. Бұл туралы мекеме басшысы Нұрлан Ысқақов компания басшылығымен жұмыс бабындағы кездесу барысында дүйсенбі күні айтты, деп хабарлайды агенттік министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Кездесу барысында кәсіпорын іс-қызметінің қоршаған ортаға әсері мен осы саладағы бұдан былайғы жұмыс жайы талқыланды. Табиғат қорғау мекемесінің басшысы компанияға газ тазарту жабдықтарының жұмыс тиімділігін ұлғайтуға, жерді рекультивациялауға, сондай-ақ, қалдықтарды қайта өңдеуге бағытталған табиғат қорғау шараларының жоспарын қайта қарауға баса назар аударуды нұсқады", - делінген таратылған баспасөз баянында.

Сонымен бірге, табиғаттты пайдаланушы тарапынан жинақталған күкірт қорын пайдалы жарату мақсатында қолданылып жатқан шараларына қатысты мәселе де қаралды.

Өз кезегінде компания жетекшісі Малколм Бриндед тұрақты даму саласындағы бірлескен жобалар жөнінде өз ұсынысын ортаға салып, ол министрліктің қолдауына ие болды.

"Шелл" компаниясы негізінен мұнай мен газды барлау және өндірумен шұғылданады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны