25.05.2007, 16:15 3105

Қоршаған ортаны қорғау министрлігі табиғатты пайдалануға рұқсат беру процедурасын қатайта түспекші

АСТАНА. 25-мамыр. Kazakhstan Today. Республиканың Қоршаған ортаны қорғау министрлігі табиғатты пайдалануға рұқсат беру процедурасын қатайта түспекші. Бұл туралы бүгін республиканың қоршаған ортаны қорғау министрлігінің алқа отырысында мекеме жетекшісі Нұрлан Ысқақов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Келесі жылдан бастап біз табиғатты пайдалануға рұқсат беру процедурасын тұжырымдамалық тұрғыда өзгерту керек",- деді Н.Ысқақов. "Табиғатты пайдалануға рұқсат қоршаған ортаны ластайтын заттар мөлшеріне белгіленген шектеу нормативін бұзбайтын кәсіпорындарға ғана берілетін болады. Қалған кәсіпорындар не жабылады, немесе, жұмысы уақытша тоқтатылады",- деді министр.

Сонымен бірге ол "табиғатты пайдалану ережелерінен ауытқымайтын кәсіпорындарды ынталандыруға шара қолданылатынын" атап өтті. Министрдің айтуынша, "табиғат қорғау шараларына қатаң бағынатын кәсіпорын жоспарлы тексеру аясына қамтылмайтын болады. Егер олар жақсы жұмыс істесе, бізге оларды тексере берудің қажеті жоқ қой",- деді Н.Ысқақов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны