22.01.2007, 16:46 2972

Қоршаған ортаны қорғау министрлігі үкіметке табиғи байлықтарды пайдалану туралы келісімдегі экологиялық талаптарға қатысты мәселені қарастыруды ұсынады

АСТАНА. 22 қаңтар. Kazakhstan today. Қоршаған ортаны қорғау министрлігі (ҚОҚМ) үкіметке табиғи байлықтарды пайдалану туралы келісімдегі экологиялық талаптарға қатысты мәселені қарастыруды ұсынуда. Бұл жөнінде алқа жиынында баяндама жасаған министр Нұрлан Ысқақов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan today агенттігінің тілшісі.

"Біз , жер асты қойнауын пайдалану туралы келісімдегі экологиялық талаптарға қатысты мәселенің үкімет деңгейінде қаралуы жөнінде ұсыныс жасадық. Тіпті, қазірде мұндай талаптар дүниежүзі бойынша қатаңдатылып отыр", деді Н. Ысқақов.

Оның айтуынша, "бір ғана айыппұл және шағымдармен экологиялық мәселелерді түбегейлі шешу мүмкін емес".

Қоршаған ортаны қорғау министрі атап өткеніндей, "жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорындардың қоршаған ортаны қорғау талаптарын орындауы күрделі мәселе болып қала бермек".

"Кәсіпорындардың ілеспе газды өртемей, кәдеге жарату бағдарламасын жасап шығаруына қол жеткіздік. Мұндай тыйым тек екі елде -Норвегия мен Қазақстанда жүзеге асырылуда",- деді Н.Ысқақов.

Министрдің айтуынша, "қоршаған ортаны қорғау заңын белден басып отырған "Теңізшевройл" ЖШС , атап айтқанда, ол өткен жылы 98 тосын жағдайға жол берді, соның салдарынан нормадан тыс 290 миллионнан астам шаршы метр газ алаулап жанып кеткен". "Мұндай заң бұзушылықтар CNPC-Ақтөбемұнайгаз, Қазақойл Ақтөбе, "Karachaganak Petroleum Operating", Қаражанбасмұнай, "PetroKazakhstan Kumkol Resources", Торғай Петролеум" сиықты жер қойнауын пайдаланушыларда анықталған.

Жалпы, министрліктің ақпараты бойынша, 2006 жылы қоршаған ортаны қорғау заңын бұзғандары үшін сот шешіміне сәйкес, Қоршаған ортаны қорғау министрлігі 208 кәсіпорынның жұмысын тоқтатты, оның 38%-құрылыс кәсіпорындары, 10%-металлургиялық, 6% мұнай өндіруші кәсіпорындар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны