22.01.2007, 16:47 2859

Қоршаған ортаны қорғау министрлігі "Жасыл мұнай" ұлттық бағдарламасының тұжырымдамасын дайындауға кірісті

АСТАНА. 22 қаңтар. Kazakhstan today. Қоршаған ортаны қорғау министрлігі "Жасыл мұнай" ұлттық бағдарламасының тұжырымдамасын дайындауға кірісті. Бұл жөнінде аталған министрліктің алқа мәжілісінде қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan today агенттігінің тілшісі.

"Министрлік "Жасыл мұнай" ұлттық бағдарламасының тұжырымдамасын жасайды, бұл құжаттың аясында көмірсутегі өндіру барысында қатаң экологиялық стандарттарды қамтамасыз ететін өндірушілерге халықаралық сертификат берілуі мүмкін",-деді Н.Ысқақов.

Сонымен қатар, " әлемдік тәжірибедегі "жасыл сатып алу" принципін енгізу туралы ұсыныс жасалады, яғни мемлекеттік бюджет бойынша тек экологиялық талаптарға сай жұмыс істейтін компаниялар тартылатын болады".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны