08.02.2008, 09:41 1366

Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде "кіші энергетиканы" жаңғырту проблемасы бойынша Германиялық әріптестермен кездесу өтті

Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде "кіші энергетиканы" жаңғырту проблемасы бойынша Германиялық әріптестермен кездесу өтті

Астана. 8-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде мекеме мамандарының "кіші энергетиканы" жаңғырту проблемасы бойынша Германиялық әріптестерімен кездесуі өтті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарламасына сүйенсек, шара Оңтүстік Қазақстан өзендерінде кішігірім су электр станцияларының желісін салу туралы Елбасының тапсырмасын орындауға бағытталған табиғат қорғау мекемесінің жұмысы шеңберінде ұйымдастырылған.

"Бөгендердің салынуын және өзен арналарының өзгерісін талап етпейтін осындай қуаты үлкен емес станциялар Еуропа елдерінің энергетикасында маңызды орын алады. Мысалы, Германия мен Австрияда мұндай ондаған мың станциялар жұмыс істеп тұр", - деп көрсетілген баспасөз баянында.

Кездесуге қатысқандар қалпына келетін көздерден қуат алуда Қазақстан ерекше әлеуетке ие екендігін атап көрсетті. Бұрынғы жылдары ел аумағында кішкентай су электр станцияларының ондағаны салынған екен. Алайда, олардың көпшілігінің жұмысы тоқтатылған және қазіргі уақытта пайдаланылып отырған жоқ. Кездесуге қатысушылардың пайымдауынша, мұндай жағдайдың себебі - "энергетикалық ауқымдылық", яғни, орасан зор аумақтарды бір электр желісімен қамтуға ұмтылу, көмірмен жұмыс істейтін үлкен электр станцияларын салу.

ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов атап көрсеткендей, қазіргі уақытта тұрақты даму қағидаларын жүзеге асыруда Қазақстан өз белсенділігін арттыру үстінде.

Осыған байланысты Қазақстан экологиясына залалын тигізбейтін кішкентай су электр станцияларының жаңасын салып, ескілерін қалпына келтіруге бағытталған жобаны жүзеге асыру бойынша бірінші кезектегі тапсырмаларды талқылады.

Тараптар жобаның жүзеге асырылуында Солярный орталық маңызды рөл атқаруы тиіс деп атап көрсетті. Ол алдына Қазақстанда қорны толтырылатын ресурстарды және энергияның баламалы көздерін енгізуді институционалдық қолдауды қамтамасыз ету мақсатын қойған құрылым болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны