17.07.2009, 16:22 2768

Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бұрынғы басшыларына қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша бұрынғы премьер-министр Даниал Ахметов куәгер ретінде шақырылып отыр - телеарна

Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бұрынғы басшыларына қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша бұрынғы премьер-министр Даниал Ахметов куәгер ретінде шақырылып отыр - телеарна

Алматы. 17 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бұрынғы басшыларына қатысты қозғалған қылмыстық іске кезінде премьер-министр болған Даниал Ахметовтен де куәгер ретінде жауап алынуы қажет, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

КТК ақпаратына сәйкес, мұндай талапты қамауға алынғандардың қорғаушылары қойып отыр. Қазір жүріп жатқан сот процессі бойынша куәгерлерден жауап алынуда. Тізім бойынша 145 адам куәгер ретінде шақырылған. Бірақ солардың жартысынан астамы әлі күнге дейін сот залында төбесін көрсетпеген.

"Сот процессі басталғаннан бері 70 адамнан куәгер ретінде жауап алынды. Бірақ ең қажет адамдар сот залына әлі бірде-бір рет келген жоқ. Оларға қанша сұрау салдырса да, заңға бағындыру мүмкін болмай тұр. Олардың қатарында ең басты куәгер болып саналатын Экология аудиторларының қазақстандық палатасының президенті Корчевскийден де әлі бір хабар жоқ. Ийтсе де, айыпталушылардың қорғаушылары тағы бірқатар ірі тұлғалардан жауап алғысы келетінін жеткізді",- делінген сюжетте.

Телеарнаның хабарлауынша, бұл жерде Даниал Ахметов кезінде республикалық бюджет комиссиясына осы Экология министрлігіне қатысты нақты қандай тапсырма бергені туралы айтып беруі тиіс. Ал бүгінгі сот процесінде тек жалғыз куәгер - Татьяна Афанасьевадан жауап алынды. Бұл азаматша кезінде Экология министрлігінен тапсырыс алып, мемлекет қаржысын жымқырды деп танылған "МеркурийПлюс" ЖШС-нің басшысы Владимир Меньшиковтың қызы. Ал Меньшиковтың өзі қазір қайда екенін ешкім білмейді. Тіпті қызы да әкесінің артынан іздеу салмапты. Бұл әрекетке адвокаттар күдікпен қарап отыр",- дейді тележурналист.

Телеарнаның хабарлауынша, "МеркурийПлюс" ЖШС-і әу бастан-ақ Татьяна Афанасьеваның күйеуінің атында болған. Күйеуі қайтыс болған соң, серіктестікті әкесі Владимир Меньшиков иемденді. Бірақ осыларға қатысты қылмыстық іс өткен жылдың тамыз айында қозғалғанымен, тиісті орган оған іздеу салуды осы жылдың наурыз айында бастаған.

"Бұл жерде де заңды сұрақ туады. Неге олай? Іс қозғалғаннан бері, неге олар бостандықта жүрді, неге оны қашып кеткенге дейін қылмыстық органдар жауапқа тарпады? Біз енді осы ашық сұрақтарымызға жауап таба алмай отырмыз",- дейді Илжан Бірәлиевтің адвокаты Нұрмахан Зұлпыхаров.

Осылайша айыпталушылардың қорғаушылары үшін көп сұрақтың басы ашық күйінде қалып отыр. "Тіпті жауапқа тартылып отырған азаматтардың мемлекет ақшасын қалай және қашан ұрлағаны туралы да нақты ақпарат бізде жоқ", - дейді қорғаушылар.

Нұрлан Ысқақовтың адвокаты Ермек Бектасовтың айтуынша, "Қазіргі кезде жұмыстар қалай жүрді кім оны басқарды, сосын ақша қалай түсті, кімге түсті, кім алды деген сұрақтарға біз жауап таба алмай жатырмыз. Сонда оны ұрлады деп айтуға біздің еш қақымыз жоқ".

Қорғаушылардың осы күнге дейін зерттеп білген құжаттары бойынша қамауға алынып отырғандардың еш кінәсі жоқ көрінеді.

"Кінәлі адамдар қазір бостандықта жүр. Барлығы қашып кеткен",- дейді Илжан Бірәлиевтің адвокаты Нұрмахан Зұлпыхаров.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны