05.02.2016, 16:53 3503

Қоршаудыӊ құлауы кезінде зардап шеккен оқушыға әскери дәрігерлер ота жасады

2016 жылдыӊ 3 ақпанында Талдықорған қаласындағы әскери госпитальдіӊ бетон қоршауыныӊ құлауы салдарынан зардап шеккен 16 жасар Мәдина Маратқызына Астана қаласындағы ҚР Қорғаныс министрлігініӊ Бас әскери клиникалық госпиталінде ота жасалды

Астана. 5 ақпан. Kazakhstan Today - 2016 жылдыӊ 3 ақпанында Талдықорған қаласындағы әскери госпитальдіӊ бетон қоршауыныӊ құлауы салдарынан зардап шеккен 16 жасар Мәдина Маратқызына Астана қаласындағы ҚР Қорғаныс министрлігініӊ Бас әскери клиникалық госпиталінде ота жасалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

2016 жылғы қаӊтардыӊ ортасынан бастап 1999 жылы туылған Мәдина Маратқызы сол жақ сан жілік сүйегініӊ созылмалы остеомиелиті, құрт жеген түрі диагнозымен ҚР ҚМ Бас әскери-клиникалық госпиталінде стационарлық ем қабылдауда. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Ота алдындағы дайындықтан кейін 2016 жылдыӊ 3 ақпанында оныӊ тобығына секвестрнекрэктомия отасы жасалды. Остеомиелиттік секвестрді алып тастады, себебі, сүйек талшығы іріндей бастады.

Қазіргі уақытта ол отадан кейінгі ем-дом қабылдап жатыр. Жағдайы қанағаттанарлық. Тобығы жазыла бастаған кезде протездеуге мүмкіндік болады.

Зардап шеккен қызды емдеу 2014 жылдыӊ қарашасында Талдықорған қаласыныӊ облыстық ауруханасында басталған болатын. Ол жерде оған сол жақ жіліншігініӊ ампутациясы көлемінде бастапқы ота жасалды. Нәтижесінде жіліншігініӊ бірнеше рет аутодермопластикасы (теріні алмастыру) жасалды. Жара баяу жазыла бастады. Операциядан кейінгі остеомиелиттіӊ өршуіне байланысты 2015 жылдыӊ 13 наурызында сол ауруханада сол жақ үлкен сан жілігі сүйегініӊ қайта ампутациясы, яғни, оныӊ қайталанбалы кесілуі (резекция) жасалды. 2015 жылдыӊ 25 қыркүйегінде Алматы қаласыныӊ 4 қалалық клиникалық ауруханасында да қайта ампутациялау жасалды.

Салдарынан науқастыӊ сол жақ жіліншігі жүйесініӊ созылмалы остеомиелиті, құрт жегісі пайда болды. Осыған байланысты, зардап шеккен қыздыӊ анасы оныӊ қызына медициналық көмек көрсетілу туралы ҚР Қорғаныс министрлігініӊ Бас әскери-медицнналық басқармасына өтініш білдірді. 2016 жылдыӊ 12 қаӊтарында бойжеткен госпитальге жатқызылды.

Естеріӊізге сала кетсек, оқиға 2014 жылдыӊ соӊында орын алды. Мәдина Мараткызы Талдықорған қаласындағы әскери госпитальдіӊ бетон қоршауыныӊ құлауы салдарынан зардап шекті. Ол кезде банкте шот ашылды. Оған ҚР Қорғаныс министрлігініӊ әскери қызметшілері, ведомстволық бағынысты құрылымдар мен бөлімшелер материалдық көмек ретінде өздерініӊ бір күндік жалақыларын есепшотқа аударды. Сондай-ақ зардап шеккен қыздыӊ отбасына қаржылай көмек көрсетілді.

Жарақат алған сәттен бастап әскери-медициналық мамандар зардап шеккен қыздыӊ емделуіне белсене атсалысты, жетіспеген дәрі-дәрмекті жеткізу жүргізілді.

Одан басқа, зардап шеккен қызды бірінші қабаттағы пәтер іспетті бөлмеге орналастырды. Бұл оныӊ өмір сүруін анағұрлым жақсартты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны