05.10.2018, 17:35 6823

"Көшбасшы құпиялары" көркем фильмі Пусан Халықаралық кинофестиваліне қатысады

Режиссер Фархат Шәріповтыӊ "Көшбасшы құпиялары" көркем фильмі қазанныӊ 4 мен 23 аралығында өтетін 23-ші Халықаралық Пусан Кинофестивалініӊ "Азия киносына назар салу" бағдарламасына қатысып, бақ сынайды. Картина ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясында түсірілген.

Алматы. 5 қазан. Kazakhstan Today - Режиссер Фархат Шәріповтыӊ "Көшбасшы құпиялары" көркем фильмі қазанныӊ 4 мен 23 аралығында өтетін 23-ші Халықаралық Пусан Кинофестивалініӊ "Азия киносына назар салу" бағдарламасына қатысып, бақ сынайды. Картина ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясында түсірілген.

"Көшбасшы құпиялары" фильмі жасы қырыққа келген, орта жас күйзелісін бастан кешіріп жүрген банк қызметкері Қанат туралы баяндайды. Ол -армандамайтын, өмірден ештеӊені күтпейпін жан, өзін және өмірлік ұстанымдарын жоғалтқан. Бірде Қанат тұлғалық қалыптасу - көшбасшылық қасиеттерді дамыту тренингіне барады. Коуч-тренер жетістікке қалай жету керектігін және көшбасшы бола білудіӊ әдістерін айтады. Көшбасшы болудыӊ құпияларын бойына сіӊіре келе, Қанат өзін және өмірге деген көзқарасын өзгертуге бекінеді. Алайда кейіпкердіӊ өмірі ескі танысы Даниярдыӊ пайда болуымен күрт өзгеріп кетеді.

"Картинамныӊ Пусанға іріктеп алынғаны және фильмімді корей халқы көре алатындығы қуантады. Мен жаӊа танысулар мен кездесулерді асыға күтудемін", - деді режиссер Фархат Шәріпов.

Пусан Халықаралық кинофестивалі Азиядағы еӊ танымал және қарқынды дамып келе жатқан фестиваль саналады. Ол корей киносына ғана емес, сонымен қатар, азиялық фильмдерге де көп көӊіл бөледі және өз шеӊберінде жанры мен құрылымы әр түрлі келетін туындыларды көрсетуді көздейді.

"Азия киносына назар салу" бағдарламасынан бөлек, киноалаӊда "Жаӊа ағымдар", "Бүгінгі корей киносы", "Ашық кино" және корей классикасыныӊ ретроспективасы болады. Биыл фестиваль аясында 79 елден 324 фильм көрсетілетін болады.

Анықтама:

Өндіруші: Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ

Жанры: драма

Режиссері: Фархат Шәріпов

Сценарий авторы: Фархат Шәріпов

Қоюшы операторы: Александр Плотников

Продюсерлері: Ержан Ахметов, Юлия Ким

Рөлдерде: Дулыға Ақмолда, Ержан Түсіпов, Гүлжамал Қазақбаева, Филипп Волошин

Фархат Шәріпов - кинорежиссер, сценарист. "Кино режиссурасы" мамандығы бойынша Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА тәмамдаған. New York Film Academy түлегі. "Қызғылт қоянныӊ басынан кешкендері"(2010), "Инопланетяне ни при чем"(2013), "4+1"(2016) фильмдерініӊ авторы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны