04.04.2018, 15:19 3568

"Көшбасшы жолы" экскурсиялары аясында оқушылар Алматыны аралады

Қазақстанда өӊірлер оқушыларына арналған "Көшбасшы жолы" экскурсиялары жалғасын тапты. Бұл жолы турларға Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарынан 500 оқушы қатысты

Алматы. 4 сәуір. Kazakhstan Today - "Көшбасшы жолы" экскурсиялары аясында оқушылар Алматыны аралады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Қазақстанда өӊірлер оқушыларына арналған "Көшбасшы жолы" экскурсиялары жалғасын тапты. Бұл жолы турларға Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарынан 500 оқушы қатысты.

Оқу демалыстары кезінде Шығыс Қазақстан, Қарағанды, және Қызылорда облыстарыныӊ үздіктері Алматы мен Үшқоӊырға келіп кетті.

Алматыда оқушылар Қазақстан Республикасы Тұӊғыш Президенті саябағы, Орталық мемлекеттік мұражай мен Медеуге, сондай-ақ Visit Almaty туристік ақпараттық орталығына барды. Орталықтыӊ қызметкерлері балаларға экскурсия жасап, қаланыӊ көрікті жерлері туралы айтып берді. Сонымен қатар, әрбір оқушы "Almaty 72" атты саяхаттаушыныӊ чек-листіне ие болды.

Алматы агломерациясы бойынша турдыӊ бағдарламасы Елбасы оқыған Қарасай батыр атындағы мектеп, Қазақстан Республикасы Тұӊғыш Президентініӊ үй-мұражайы, "Батыр Бабалар" мемориалды кешенін қамтыды.

"Көшбасшыныӊ жолы" алғашқы турлары "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ-ныӊ ҚР Тұӊғыш Президенті - Елбасы қорыныӊ қолдауымен өткен жылы күзгі демалыс кезінде Астана мен Алматы қалаларында ұйымдастырылған болатын. Турларға Алматы, Ақмола, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар және Оӊтүстік Қазақстан облыстарыныӊ 480 белсенді және үздік студенттері қатысқан.

"Kazakh Tourism" Ұлттық компаниясыныӊ өкілдерініӊ пікірінше, мұндай туристік саяхат жастар мен жасөспірім туризмін дамытуда маӊызды рөл атқарады. Болашақта "Көшбасшыныӊ жолы" жергілікті атқарушы органдардыӊ қолдауымен еліміздіӊ барлық өӊірлеріне таралу мүмкіндігі бар деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны