27.07.2006, 11:44 3008

Көші-қон полициясының есебі бойынша Астанада 15-20 мың заңсыз еңбек келімсектері тұрады

АСТАНА. 27 шілде. Kazakhstan Today. Көші-қон полициясының есебі бойынша, қазіргі таңда ел астанасында 15-20 мың заңсыз еңбек келімсектері тұрады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Көші-қон мәселесіне жасалған саралауға қарағанда, елге келген шетелдіктердің тең жартысы тіркеуге тұрғанда жеке мақсатта келгендігін көрсетіп, артынша заңсыз жұмыс істеуге кіріседі", - деп мәлімдеді баспасөз-маслихатында Астана ІІД көші-қон полициясы басқармасының бастығы Борис Колесниченко. Оның мәліметіне қарағанда, соңғы алты айда ел астанасында 33 142 шетел азаматы тіркелген. Демек, "заңсыз еңбек кірмелердің саны Астанада 15-20 мың адамға жеткен, Қазақстан бойынша - 200-300 мыңға жуық", - дейді Б. Колесниченко.

"Олардың бәрі елге рұқсатнамасыз кірген ТМД азаматтары. Келімсектер ішкі істер органдарында тіркеуге тұрады, алайда онда көрсетілген елге кірудегі мақсат пен айналысып жүрген істері сәйкес келмейді", - дейді басқарма бастығы.

Б. Колесниченко, 1 тамыздан 31 желтоқсан аралығында Қазақстан бойынша, заңсыз еңбек келімсектерін заңдастыру бір реттік акциясы өтетіндігін ескертті. "Заңдастыру, шетел азаматтарын ішкі істер бөліміне еңбек кірмелері ретінде тіркеп, еңбектерін пайдаланатын жұмыс берушінің мойынына жүктеледі", - деді ол.

Басқарма бастығының айтуынша, тіркеуден өткен шетел азаматы ерекше үлгідегі көші-қон карточкасына ие болады. "Қазақстаннан шыққан кезде аталған құжат қайтарылмайды, көші-қон карточкасы республика аймағында көрсетілген мерзімге дейін жарамды боп есептеледі. Құжаттың қолдан жасалуына қарсы, заңдастырылған кірменің карточкасында суреті мен бірнеше қорғау дәрежесі болады", - деп атап өтті Астана көші-қон полициясы басқармасының бастығы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны