17.11.2015, 13:02 4477

Көші-қон заӊдылығын бұзғандар

Өткен тәулікте ҚР ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараныӊ әр аумағында ҚР Көші-қон жөніндегі заӊнамаларыныӊ талаптарын бұзған 35 адамды анықтап, ҚР Икімшілік-құқықбұзушылықтар туралы Кодексініӊ 517-бабы бойынша жауапқа тартты

Астана. 17 қараша. Kazakhstan Today - Өткен тәулікте ҚР ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараныӊ әр аумағында ҚР Көші-қон жөніндегі заӊнамаларыныӊ талаптарын бұзған 35 адамды анықтап, ҚР Икімшілік-құқықбұзушылықтар туралы Кодексініӊ 517-бабы бойынша жауапқа тартты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Олардыӊ ішінде "Қорғас", "Бақты" шекаралық бақылау отрядтарында ұсталған үш ҚХР азаматынан, "Қордай" шекара отрядыныӊ "Қарасу авто" бөлімінде ұсталған бір Молдова азаматы, Павлодар, Семей шекара отрядыныӊ "Үрлітөбе авто", "Семей" тексеріп-өткізу бекетініӊ "Өбе авто" бөлімдерінде ұсталған екі Ресей азаматынан, "Қордай", "Мерке" шекара отрядтарыныӊ аумақтарында ұсталған сегіз Қырғыз Республикасыныӊ азаматынан өзгесі өзбек ағайындар. Күн суыта үйлеріне қайта бастаған олардыӊ барлығы дерлік "Сарыағаш" шекара отрядыныӊ аумағында ұсталған. Тек біреуі ғана Батыс Қазақстан облысыныӊ "Бейнеу - теміржол" шекара бекетінде № 648 "Бейнеу - Кунград" пойызында ұсталды.

Саны жағынан ғана емес, еліміздіӊ аумағында заӊсыз тұру жағынан да рекорд өзбекстан азаматтарында. Мысалы "Сарыағаш" шекара отрядыныӊ "Қапланбек авто" бөлімшесінде ұсталған он азамат белгіленген мерзімнен 120 тәулік кешігіп шығыпты.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны