21.06.2013, 15:07 2793

Қосымша "Қызылорда-Түркістан" жолаушылар пойызы жолға шығады

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, жолаушылар тасымалына сұраныстың артуына байланысты "Жолаушылар тасымалы" АҚ 10 рейске №619/620 "Қызылорда-Түркістан" жолаушылар пойызын шығарады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлайды.

Астана. 21-маусым. Kazakhstan Today - Қосымша "Қызылорда-Түркістан" жолаушылар пойызы жолға шығады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, жолаушылар тасымалына сұраныстың артуына байланысты "Жолаушылар тасымалы" АҚ 10 рейске №619/620 "Қызылорда-Түркістан" жолаушылар пойызын шығарады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлайды.

"Құрам биылғы жылдың 22-ші маусымы мен 1 шілдесі аралығында қатынайды. Пойыз 1 техникалық және аса жайлы 6 жолаушылар вагонынан құралған",-деп жазылған хабарламада

Қызылордадан құрам 06 сағат 43 минутта шығып, Түркістанға сол күні 13 сағат 10 минутта жетеді.

Ал Түркістаннан 17 сағат 00 минутта аттанған пойыз Қызылордаға сол күні 23 сағат 09 минутта келеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны