01.02.2012, 14:13 3323

"Коста Конкордия" кемесінің суға батқан бөлігінде із-түссіз жоғалғандарды іздеу жұмысы тоқтатылды

Арнайы комитет кеме ішінде құтқарушыларға бұдан былай іздеу жұмыстарын жүргізу қауіпті деп шешкен. Дегенмен, апат болған жерден 18 шақырым радиуста судың бетінде зерттеу жұмыстары жалғаса береді. Изірге қаза тапқан 17 адамның мәйіті табылып, әлі 15 адамның тағдыры белгісіз.

Астана. 1-ақпан. Kazakhstan Today - "Коста Конкордия" кемесінің суға батқан бөлігінде із-түссіз жоғалғандарды іздеу жұмысы тоқтатылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы кеме апаты зардаптарын жою жөніндегі төтенше комиссар Франко Габриэлли мәлімдеді, деп хабарлайды "Хабар" агенттігінен.

Арнайы комитет кеме ішінде құтқарушыларға бұдан былай іздеу жұмыстарын жүргізу қауіпті деп шешкен. Дегенмен, апат болған жерден 18 шақырым радиуста судың бетінде зерттеу жұмыстары жалғаса береді. Изірге қаза тапқан 17 адамның мәйіті табылып, әлі 15 адамның тағдыры белгісіз.

"Коста Конкордия" саяхат кемесі 14-ші қаңтарға қараған түні Джильо аралы маңында су асты жартасына соғылған болатын. Апат кезінде кемеде 4 мыңнан астам адам болған. Алдын-ала мәліметтерге қарағанда, апатқа кемені жағаға тым жақын әкелген кеме капитаны Франческо Скеттино кінәлі. Оған абайсызда кісі өлтіру және қауіпсіздік ережесін бұзған деген айыптар тағылып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны