26.09.2007, 13:00 3171

Қостай облысында нан бағасының өсуін тоқтау үшін шұғыл түрде тұрақтандыру қоры құрылды

Қостай облысында нан бағасының өсуін тоқтау үшін шұғыл түрде тұрақтандыру қоры құрылды


Қостанай. 26 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қостай облысының әкімі Сергей Кулагиннің бастамасымен нан бағасының өсуін тоқтау үшін шұғыл түрде тұрақтандыру қоры құрылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Облыс әкімі С. Кулагиннің пайымдауынша, тұрақтандыру қоры әзірге "үкімет тиімді шаралар қабылдамай тұрған кезде" аймақтағы нан бағасын тұрақтандыруға көмек болады.

Аймақтағы белсенді шараларды бүгін бастауға шешім қабылданған. Облыс әкімімен кездесуден кейін отырыс әкімнің орынбасарында жалғасты.

Икімшіліктегі отырыс барысында Қостанай облысы әкімінің орынбасары Нұрәлі Сәдуақасов, "қазір шара қолданбасақ, онда ертең кеш болады" деп мәлім етті. "Наубайханалар нан бағасын ұн бағасы мен коммуналдық қызмет көрсету бағаларының қымбаттауына байланысты көтеріп отыр. Егер Қостанай қаласында нан 2 күн бұрын 35 теңге тұрса, қазір 38 теңгеге көтерілген. Нан бағасының өсуіне байланысты тұрақтандыру қорын құру қажеттілігі туды",- деді әкімнің орынбасары.

Облыстың жалпы ұнға деген мұқтаждығы жылына 107 мың тонна, ал қала 71 мың тонна ұнды қажет етеді. Осыған орай билік өкілдері тұрақтандыру қорының жобасын есептеген. Яғни, облыс бойынша 153 мың тонна астық, ал қалалар мен ірі елді-мекенді аудандар үшін 100 мыңға жуық тонна астық қажет.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны