21.02.2011, 17:41 4059

Қостанай әуежайы бірнеше жаңа бағыттар ашпақ

Қостанай әуежайы бірнеше жаңа бағыттар ашпақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қостанай. 21 - ақпан. Kazakhstan Today - Қостанай әуежайы бірнеше жаңа бағыттар ашпақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қостанай Халықаралық әуежайы" АҚ мәліметтеріне сүйенсек, 2011 жылдың жазында компания бірнеше жаңа бағыттар ашады. 11-маусымнан бастап украиналық "АэроСвит" авиакомпаниясымен бірлесе отырып Киев - Қостанай - Киев бағытындағы тікелей ұшырылым жоспарлануда.

"Қостанайдан Киевке аптаның бейсенбі және жексенбі күндері ұшуға болады. Бұл бағыттағы ұшырылымдар Бразилияның "Embraer" ұшағы арқылы жүзеге асырылады",- деп хабарлады "Қостанай Халықаралық әуежайы" АҚ.

Сондай-ақ, жазда Қостанайдан Минскге, Ганноверге тікелей қатынайтын рейстер ашыламақ. Қазіргі уақытта Қостанайды әуежайынан Астана, Алматы, және Мәскеу қалаларына ұшуға болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны