19.05.2010, 16:27 3130

Қостанай әуежайы ұзаққа созылған үзілістен кейін Мәскеуге ұшатын авиарейсті қайта жандандырды

Қостанай әуежайы ұзаққа созылған үзілістен кейін Мәскеуге ұшатын авиарейсті қайта жандандырды

Қостанай. 19 мамыр. Kazakhstan Today - Қостанай әуежайы ұзаққа созылған үзілістен кейін Мәскеуге ұшатын авиарейсті қайта жандандырды. Бұл сапарды "Трансаэро" әуекомпаниясы ұйымдастырды, деп "Қостанай Халықаралық әуежайы" АҚ-ның вице-президенті Марат Ержанов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Оның айтуынша, болжам жақсы. 19 мамыр күні таңертең Мәскеу - Қостанай - Мәскеу бағытындағы "Боинг-737" ұшағымен іске асырылған бірінші рейспен Мәскеуде 72 жолаушы ұшып келсе, 40 жолаушы Ресей астанасына ұшты.

Мәскеу - Қостанай - Мәскеу бағытындағы рейстер аптасына екі рет сәрсенбі мен жексенбіде шығады. Сапарға шығу үшін икемді тариф желісі қолданылады, деді М. Ержанов. Оның айтуынша, эконом-класс бойынша жолақысы 33 922 теңге, бизнес-класс бойынша - 71 859 теңге болмақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны