04.08.2017, 19:12 3917

Қостанай облысы ат бәйгесіне отандық автокөлік сыйлайды

Астанада өтетін Қостанай облысыныӊ күндері аясында "Қазанат" атшабарында аламан бәйге, топ бәйге бойынша жарыстар өтеді. 6 тамыз сағат 17.00-де өтетін бәйгеге облыстыӊ ұйымдастыру комитетімен арнайы жүлде қоры бөлінді. Бас бәйге - Қостанай қаласыныӊ қазақстандық өндірісініӊ автомобильдері болады.

Қостанай. 4 тамыз. Kazakhstan Today - Астанада өтетін Қостанай облысыныӊ күндері аясында "Қазанат" атшабарында аламан бәйге, топ бәйге бойынша жарыстар өтеді. 6 тамыз сағат 17.00-де өтетін бәйгеге облыстыӊ ұйымдастыру комитетімен арнайы жүлде қоры бөлінді. Бас бәйге - Қостанай қаласыныӊ қазақстандық өндірісініӊ автомобильдері болады.

Орталық коммуникациялар қызметінде Қостанай облысыныӊ күндеріне байланысты облыстық ішкі саясат басқармасыныӊ басшысы Бибігүл Аққожина, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасыныӊ басшысы Байбосын Мурзин, облыстық мәдениет басқармасыныӊ басшысы Ерлан Қалмақов шараныӊ бағдарламасымен таныстырды.

"ЭКСПО - 2017: болашақ энергиясы" халықаралық мамандандырылған көрменіӊ шеӊберінде 5 тамыз сағат 21.30-да ЭКСПО амфитеатрында танымал әншілер мен музыканттар - Қостанай облысыныӊ тумалары Сүндет Байғожин, Анар Мұздаханова, Роза Нұркей, Шахаризат Сейдахмет, Нұрболат Арзамасұлыныӊ, сондай-ақ өӊірдіӊ үздік шығармашылық ұжымдарыныӊ қатысуымен Гала-концерт өтетін болады.

? Қостанай облысы мәдениет күндерініӊ шеӊберінде көрермендер назарына келесі іс-шаралар ұсынылатын болады: "Шырқар әнім туған өлкем - Қостанай!" концерті, "Дала шамшырағы" және "Ақ келін" спектакльдері, "Музыка - душа народа" вокалдық және ақындық бағдарлама, "Волшебный мир танца" хореографиялық шолу, Қостанай облысыныӊ 20 қолөнер шеберініӊ "Туған жер құшағында" экспозициялық көрмесі болады,- деді облыстық мәдениет басқармасыныӊ басшысы Ерлан Қалмақов.

Сонымен қатар, облыстыӊ құрама командасы тоғызқұмалақ, асық ату, қыз қуу, аударыспақ, жамбы ату бойынша көріністер көрсетеді. Қазақ күресі бойынша жарыстарға Қазақстанныӊ түкпір-түкпірінен келген палуандар қатысады. 9 тамыз күні Астана қаласыныӊ Орталық алаӊында Қостанай облысы күндерініӊ салтанатты жабылу рәсімі өтеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны