12.10.2012, 19:11 2937

Қостанай облысына жасайтын сапары барысында вице-премьер бірнеше маңызды нысандарды араламақ - баспасөз баяны

Арқалықта "Арқалық-Шұбаркөл" теміржол желісінің құрылысы" жобасының іске асырылуы барысын көріп, "Қазақстан алюминийі" карьерінде, Арқалық жылуэнергетикалық компаниясы мен Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтында болмақ.

Бүгін Қостанай облысына жұмыс сапарымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қырымбек Көшербаев келді. Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, сапар аясында вице-премьер бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысандарға барады.

Арқалықта "Арқалық-Шұбаркөл" теміржол желісінің құрылысы" жобасының іске асырылуы барысын көріп, "Қазақстан алюминийі" карьерінде, Арқалық жылуэнергетикалық компаниясы мен Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтында болмақ.

Түстен кейін Қостанайда Қ.Көшербаев Батыс қосалқы стансасының, Үй құрылысы комбинатының салыну барысымен танысады. Сондай-ақ "КТЭК" МКК-ның №3 қазандығына, "АгромашХолдинг" АҚ, "СарыарқаАвтоөнеркәсіп" ЖШС-нің өндірістік алаңдары мен Ілияс Омарова атындағы облыстық қазақ драма театрына баруы жоспарлануда.

Жұмыс күнінің соңында ҚР Премьер-министрінің орынбасарының қызметтік сапары облыс активінің қатысуымен өтетін кеңеспен аяқталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны