09.08.2017, 19:10 4253

Қостанай облысында 14-ші өрт бекеті ашылды

2014-2017 жылдары аралығында Қостанай облысыныӊ Төтенше жағдайлар департаменті жергілікті атқарушы органдармен бірлесе Қостанай облысы аумағында 14 өрт бекеті құрылды, олар ормандала аумағына жақын орналасқан 66 ауылды, жалпы 32 мыӊнан астам халқы бар елді-мекендерді қосымша өртке қарсы қорғаумен қамтамасыз етеді.

Қостанай. 9 тамыз. Kazakhstan Today - 2014-2017 жылдары аралығында Қостанай облысыныӊ Төтенше жағдайлар департаменті жергілікті атқарушы органдармен бірлесе Қостанай облысы аумағында 14 өрт бекеті құрылды, олар ормандала аумағына жақын орналасқан 66 ауылды, жалпы 32 мыӊнан астам халқы бар елді-мекендерді қосымша өртке қарсы қорғаумен қамтамасыз етеді. Ағымдағы жылдыӊ 7 айында құрылған өрт бекеттерімен мемлекеттік өртке қарсы қызметтерін қатыстырмай-ақ 1 265 гектар алаӊындағы 337 дала тұтануларын жойды.

2017 жылдыӊ 08 тамызда есеп бойынша Меӊдіқара ауданы аумағында 14-ші өрт бекеті ашылды.

Бекеттіӊ салтанатты ашылуында Қостанай облысыныӊ Төтенше жағдайлар департаменті бастығы азаматтық қорғау полковнигі Т. Кәкімов, Меӊдіқара ауданы әкімі Е. Теменов, Михайлов а/о әкімі А. Кәкімбеков, "Восток-1" ЖШС директорыныӊ орынбарасы С. Бабак, шақырылған қонақтар қатысты.

Талғат Базарбайұлы, жиналғандарды құттықтай отыра, ауылдыӊ инфрақұрылымы вельдшерлік амбулаторлық пункті мен учаскілік полиция пунктінен басқа, өрт бекетімен толып жатыр, тұрғындарды өрттерден сенімді қорғайтынын айтып кетті.

Меӊдіқара ауданы, Михайлов а/о, Степановка с. ашылып жатқан өрт бекеті 2 селоны (Михайловка с., Степановка с.), сондай-ақ, жалпы 1876 астам халқы бар елді-мекедерді және ормандала аумақтарын қосымша өртке қарсы қорғаумен қамтамасыз етеді.

Қостанай облысы ТЖД Өрт қауіпсіздік саласындағы бақылау және профилактикалық қызметі басқармасы

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны