06.01.2009, 18:41 3206

Қостанай облысында 2009 жылы өңірлік газдандыру бағдарламасын жүзеге асыруды аяқтау жоспарлануда

Қостанай облысында 2009 жылы өңірлік газдандыру бағдарламасын жүзеге асыруды аяқтау жоспарлануда

Қостанай. 6 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қостанай облысында 2009 жылы өңірлік газдандыру бағдарламасын жүзеге асыруды аяқтау жоспарлануда. Бұл туралы Қазақстан Бүгін тілшісіне энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы Иубәкір Тайкешов хабарлады.

Мекеменің мәліметінше, "Қостанай облысын газдандыру" атты үш жылдық өңірлік бағдарламаны жүзеге асыруға жұмсалатын қаражат көлемі ағымдағы жылы 2612,665 млн теңгені құрайды, республикалық бюджеттен оған 2312 млн теңге, ал жергілікті бюджеттен - 300 млн теңге бөлінді.

"Қостанайды газбен қамтамасыз етуді аяқтауға 2009 жылы облыстық бюджеттен 250 млн теңге, Рудныйға - 911 млн теңге бөлінеді. Лисаковск қаласында өңірлік бағдарламаның жоспары 2007 жылы жүзеге асырылды", - деді И.Тайкешов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны