28.12.2015, 21:44 3947

Қостанай облысында анасы жаӊа туған нәрестесін терезеден лақтырып жіберді

27 желтоқсан күні таӊғы сағат 6-да пәтерінде ұйықтап жатқан отбасылық жұпты баланыӊ жылаған дауысы оятты. Жас жұбайлар пакетке оралған тастанды туралы полицияға хабарлап, "жедел жәрдем" қызметін шақырды

Алматы. 28 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қостанай облысыныӊ Октябрь кентінде жас әйел барлығынан жасырынып бала босанып, нәрестесін терезеден лақтырып жіберді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

27 желтоқсан күні таӊғы сағат 6-да пәтерінде ұйықтап жатқан отбасылық жұпты баланыӊ жылаған дауысы оятты. Жас жұбайлар пакетке оралған тастанды туралы полицияға хабарлап, "жедел жәрдем" қызметін шақырды, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Полицейлер нәрестеніӊ анасын сол күні анықтады - ол 17 жасар жергілікті тұрғын болып шықты. Бұл туралы Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлайды.

Қатты тоӊып қалған нәресте - ұл бала Лисаков қалалық ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер оған пневмония диагнозын қойды.

"Бала босанған бойжеткен Рудный қаласында оқиды, демалысқа ата-анасыныӊ үйіне келген. Ол жүктілігі туралы білмегенін айтып,оны босанып жатқанда ғана түсінгенін сендіріп айтуда", - делінген хабарламада.

"Бойжеткен ата-анасыныӊ үйінде босанды. Жүктілігі туралы ата-анасына айтуға қорыққан студент қыз түнде дәретханада босанды. Туыстарынан қорыққан ол нәрестені пакетке орап, терезеден лақтырып жіберді. Одан кейін бойжеткенніӊ өзі қатты қансырап, кейін ауруханаға жеткізілді", - деп түсіндіреді полиция баспасөз қызметініӊ қызметкерлері.

Бойжеткенніӊ туыстарыныӊ айтуынша, олар қызыныӊ басқа қалада оқуы себебімен оныӊ жүктілігінен хабарсыз болған.

Сот алдындағы тергеу амалдарыныӊ барысында баланыӊ болуы мүмкін биологиялық әкесі анықталды - ол 19 жастағы сарбаз болып шықты.

Аталған фактімен ҚР ҚК-ніӊ 100-бабы ("Анасыныӊ жана туған нәрестесін өлтіруі") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Баланыӊ әкесіне қатысты кәмелеттік жасқа толмағанмен жыныстық қатынасқа түсу фактісі бойынша ҚР ҚК-ніӊ 122-бабыныӊ 1-бөлімімен қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі кезде нәрестеніӊ өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ, ол Лисаков қалалық ауруханасында емдеуден өтіп жатыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны