28.05.2008, 17:37 3036

Қостанай облысында "Браконьер" операциясы кезінде 94 адам әкімшілік жауапқа тартылды

Қостанай облысында "Браконьер" операциясы кезінде 94 адам әкімшілік жауапқа тартылды

Қостанай. 28 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қостанай облысында "Браконьер" операциясын жүргізу кезінде әкімшілік жауапқа 94 адам тартылды. Бұл туралы агенттік тілшісіне Қостанай облысының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Балық аулау ережесін бұзған 73 адам, аң аулау ережелерінің талаптарын орындамаған 16 адам және ағаштар мен бұталарды заңсыз кескен бес адам әкімшілік жауапқа тартылды", - деп хабарлады табиғатты қорғау бөлімінің бастығы және мал дәрігерлік полициясының подполковнигі Боранбай Айтқожин.

Оның сөздері бойынша, құқық бұзушылардан 3,97 текше метр орман, 4800 метр ау, 124 бірлік қару тәркіленді .

"Браконьер" арнайы операциясы облыста заңсыз аң аулауды, ағаштарды кесу, су жәндіктерін аулау, биологиялық ресурстар объектісінің тасымалын анықтау мақсатында 19 - 26 мамыр аралығында өткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны