06.01.2009, 15:25 2789

Қостанай облысында электр және жылу энергетикасын дамытуға 4790 млн астам теңге бөлінді

Қостанай облысында электр және жылу энергетикасын дамытуға 4790 млн астам теңге бөлінді

Қостанай. 6 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қостанай облысында электр және жылу энергетикасын дамыту мәселесі туындады. Олардың бағалауынша, 2009 жыл - 2008-2010 жылдарға есептелген тиісті бағдарламаны жүзеге асыру аясындағы ең ауқымды жыл болуға тиіс, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Ол үшін бүгін түрлі көздерден 4790 млн теңге бөлінген, бұл былтырғы көрсеткіштен 23% артық. Жергілікті шенеуніктердің түсіндіруінше, биыл бірнеше ірі жобаны жүзеге асыру қажеттігіне байланысты.

"Егер былтыр бағдарламаны жүзеге асыруға 3897 млн теңге бөлінсе, биыл бұл сома 4791 млн жетеді. 2010 жылы қаржыландыру көлемі 2857,6 млн теңгені құрайды", - деді энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы Иубәкір Тайкешов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны