24.01.2012, 13:58 3760

Қостанай облысында ет қымбаттады

"Қостанай облысында көкөніс бағасы өсті. Картоп бағасы 24%-ға, қырыққабат - 43%-ға, сәбіз бен пияз - 2%-ға қымбаттады. Оған қысқа сақталған аталмыш көкөніс қорларының азайып қалуы себеп болып отыр".

Қостанай. 24-қаңтар. Kazakhstan Today - Қостанай облысында ет қымбаттады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы "Қазагромаркетинг" АҚ қостанайлық филиалының директоры Бақтияр Ыбраев мәлімдеді.

Bnews ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "Қостанай облысында көкөніс бағасы өсті. Картоп бағасы 24%-ға, қырыққабат - 43%-ға, сәбіз бен пияз - 2%-ға қымбаттады. Оған қысқа сақталған аталмыш көкөніс қорларының азайып қалуы себеп болып отыр".

Б.Ыбраевтың айтуына қарағанда, Қостанай облысында ет те қымбаттаған.

"Ет өнімдеріне қатысты да баға қымбаттау байқалады. Алайда, біздің мәліметтерге сәйкес, көпке емес - үш айда бар-жоғы 2 пайызға өскен. Сондықтан бұған дейін ет 300 теңгеге қымбаттады деген БАҚ-тарда жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайды. Қой етінің орташа бағасы Қостанайда 915 тегеге тең, сиыр еті - 906 теңге", - деп қосты ол.

"Қазагромаркетинг" АҚ ҚФ директоры айтып өткендей, еттің қымбаттауына аталмыш аймақта осы өнімнің тапшылығы себеп болып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны