27.09.2007, 11:14 1386

Қостанай облысында "Қазақстан" ұлттық компаниясының кабельді телеарна операторларына түсірген шағымы бойынша сот процесі жүріп жатыр - ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау комитеті

Қостанай облысында "Қазақстан" ұлттық компаниясының кабельді телеарна операторларына түсірген шағымы бойынша сот процесі жүріп жатыр - ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау комитеті

Астана. 27-қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қостанай облысында "Қазақстан" ұлттық компаниясының кабельді телеарна операторларына түсірген шағымы бойынша сот процесі жүріп жатыр. Бұл туралы кеше Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау комитетінің отырысы барысында Бәсекелестікті қорғау комитетінің Қостанай облыстық басқармасының басшысы Азамат Камшамбаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Кабельдік арналар халықтан жарнама қабылдап алып, оны жылжымалы мәтін түрінде арналардан береді. Алайда, кабельдік операторлар әлемдік арналармен жасалған келісім шарт бойынша арнаның ретрансляциялауына араласуға құқықтары жоқ екендігі анықталды. Бұл жерде нарықтағы бәсекелік жағдайдың бұзылуы көзге ұрып тұр", - деді А. Камшамбаев.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта аталмыш оқиға бойынша "Қазақстан" ұлттық компаниясының кабельдік операторларға түсірген шағымы бойынша сот процесі жүруде".

Бәсекелестікті қорғау комитетінің өкілі, сонымен қатар, аймақтық орган заң бұзушыларға қатысты жарнама қабылдау мен телеарналарды ретрансляциялау жұмысына араласуды тоқтату туралы шешім шығарғанын атап өтті.

Өз кезегінде Бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы Илиакпар Матышев өзінің қарамағындағыларға "бұл істі көпшілікке жариялауды тапсырды". "Еуропа чемпионаты (футболдан - "Қазақстан Бүгін" агенттігінің ескертпесі) мен Олимпиада өтетін алдағы жылы шағымдар түсуі әбден мүмкін. Сондықтан, кабельдік операторларға қазірден бастап шара қолдану керек", - деді И. Матышев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны