29.06.2015, 10:06 3564

Қостанай облысында киік мүйізін кескен азамат қолға түсті

Қостанай облысында полицейлер өлген киіктерден 119 мүйіз кесіп алған азаматты қолға түсірді

Астана. 29 Маусым. Kazakhstan Today - Қостанай облысында полицейлер өлген киіктерден 119 мүйіз кесіп алған азаматты қолға түсірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Мұндай жағдай өӊірде осымен оныншы рет қайталанып отыр", - дейді Қостанай облысы Амангелді АІІБ басшысыныӊ орынбасары, полиция подполковнигі Марат Сарбазов, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

"Жергілікті тұрғындар жаппай қырылған киіктердіӊ мүйіздерін кесіп, оны сатуды кәсіпке айналдырған. Қолға түскен 49 жастағы азамат та мүйіздерді сатпақ болғанда қолға түсті. Полицейлер оныӊ сарайын тінту кезінде кесілген мүйіздерді тапты", - деп мәлімдеді Қостанай облыстық ІІД мамандары.

Күдіктініӊ айтуынша, ол мүйіздіӊ бір келісін 50 мыӊ теӊгеден сатпақ болған. Ал жалпы тәркіленген мүйіздердіӊ салмағы 10 келіден асып жығылады.

Қазіргі кезде осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық Кодексініӊ 339-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны