18.05.2015, 18:54 3617

Қостанай облысында киіктердіӊ жаппай қырылудыӊ алдын ала нәтижесі пастереллез

Қостанай облысында киіктердіӊ жаппай қырылу аймағында өткізіліп жатқан мониторингтіӊ нәтижесінде 17 мамыр күні жануарлардыӊ жаӊа өлекселері табылды. Соӊғы мәліметтерге сәйкес, өлген киіктердіӊ саны 10 мыӊға жетті.

Қостанай. 18 Мамыр. Kazakhstan Today - Қостанай облысында киіктердіӊ жаппай қырылу аймағында өткізіліп жатқан мониторингтіӊ нәтижесінде 17 мамыр күні жануарлардыӊ жаӊа өлекселері табылды. Соӊғы мәліметтерге сәйкес, өлген киіктердіӊ саны 10 мыӊға жетті. Өлекселер аумағы 16 мыӊ гектардан асып отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Амангелді ауданыныӊ әкімдігімен аумақта төтенше жағдай жарияланды. Оқиға болған жерде Қостанай облысы әкімініӊ орынбасарыныӊ басшылығымен штаб құрылды.

Оқиға орын алған аймаққа демалыс күндері ҚР Ауыл шаруашылығы Вице-министрі Ерлан Нысанбаев және Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетініӊ төрағасы Бағдат Азбаев келіп жетті. Олар киіктердіӊ қырылу аймағын әуе көлігімен қарауда.

Бүгін Амангелді ауданында жануарлардыӊ қырылу себептерін анықтау және олардыӊ өлу салдарын жоюға қатысты шараларды қабылдау мәжілісі өткізіледі.

ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетініӊ Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталығыныӊ ақпаратына сай алдын-ала себеп пастереллез ауруы болып отыр.

Киіктердіӊ өлекселерін жинау және жою жұмыстарына ҚР АШМ аумақтық бөлімшелерімен әкімшілік қызметкерлері қатысуда. Бүгінде 5,3 мыӊ киік жойылды. Бұл жұмысты жүргізу аймақтағы желмен қосылған қатты жауын қиындата түсті. Киіктердіӊ өлекселерін жинау және жою жұмыстарына барлығы 458 адам мен 21 бірлік арнайы техника қатыстырылып отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны