20.05.2015, 20:47 3857

Қостанай облысында қырылған ақбөкендер саны 19,2 мыӊға жетті

Қостанай облысыныӊ оӊтүстігінде қырылған ақбөкендердіӊ ұшаларын көму жұмыстары жалғасуда

Қостанай. 20 Мамыр. Kazakhstan Today - Қостанай облысыныӊ оӊтүстігінде қырылған ақбөкендердіӊ ұшаларын көму жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Облыстық ТЖД деректеріне сүйенсек, көмілген жануарлар саны 19 мыӊ 231-ге жеткен, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Бұдан бұрын олардыӊ саны 10 мыӊ екені айтылған. Олардыӊ қырылуыныӊ алдын ала себебі - пастереллез ауруы.

Амангелді ауданы орталығынан 70 шақырымда орналасқан Үрпек ауылдық округініӊ Жолаба учаскесінде 18 мамырдан бастап ТЖ жою жедел тобы жұмыс істеуде.

ТЖД хабарлағандай, төтенше жағдайды жоюға 515 адам мен 76 техника жұмылдырылған. 100 адам дала лагерінде тұрып жатыр. Амангелді ауданы әкімдігініӊ күштері, №6697 әскери бөлімі, "Алтын дала РМК" ММ күштерімен 3 тамақтандыру пункті әзірленді.

"Түнде түнеу үшін аудан әкімдігі 3 киіз үй, Ақмола облысы ТЖД 3 шатыр, Қостанай облысы ТЖД асханаға арналған бір шатыр, №6697 әскери бөлімі 6 шатыр тікті. Олардыӊ үшеуі қосалқы мақсатта. Жеке құрам ауызсумен, техника жанар-жағармаймен қамтамасыз етілген", - делінген хабарламада.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны