22.01.2007, 18:05 3130

Қостанай облысында сегіз елікті заңсыз ату дерегі анықталды

ҚОСТАНАЙ. 22-қаңтар. Kazakhstan Today. Қостанай облысының полицейлері облыстық аумақтық орман және аң аулау шаруашылығы басқармасының қызметкерлерімен бірлесе отырып, сегіз елікті заңсыз ату дерегін анықтады, деп хабарлады Kazakhstan Today тілшісіне облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

"Жүргізілген рейд нәтижесінде Ұзынкөл ауданының Варваровка аулының 50 жастағы тұрғынының мал қорасынан өлтірілген жануарлардың еттері, терілері мен бастары табылды", - деді полицейлер.

Үй иесінің сөзіне сүйенсек, ол сегіз елік пен бір қоянды желтоқсан айында атып өлтірген және осы уақыттан бері жануарлардың етімен тамақтанған.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, күдіктінің не аң аулауға рұқсаты жоқ, не елік атуға лицензиясы болмаған.

Қазіргі уақытта, аңшыдан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынып, босатылған. Ұсталғанның аң аулап жүрген "Боран"атты қарда жүргіш көлігі мен МЦ-2112 қаруы тәркіленді. Қазақстан Республикасының ҚК 288-бабы бойынша (Заңсыз аң аулау) қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

Баспасөз қызметі өткен жылы Қостанай облыстық полицейлерінің "Заңсыз аң аулау" бабы бойынша бес қылмыстық іс қозғағандығын хабарлады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны