20.12.2009, 15:37 3084

Қостанай облысында сыбайлас жемқорлыққа алғышарттар туғызғаны үшін Халыққа қызмет көрсету орталығы директорының орынбасарлары жұмыстан шығарылды

Қостанай облысында сыбайлас жемқорлыққа алғышарттар туғызғаны үшін Халыққа қызмет көрсету орталығы директорының орынбасарлары жұмыстан шығарылды

Қостанай. 20 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қостанай облысында сыбайлас жемқорлыққа алғышарттар туғызғаны үшін "Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік басқармасы директорының орынбасарлары А. Алекешев пен Б. Күлбаев жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қостанай облыстық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, тексеру барысында белгілі болғанындай, мемлекеттік сатып алу процедурасы бұзылған. Атап айтсақ, осы жылдың 5 қаңтарында облыстық "Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік басқармасының атынан директордың орынбасары А. Алекешев пен "Зевс" күзет агенттігі" ЖШС арасында жалпы көлемі 1 млн 663 мың теңгеге ғимараттардың күзетін қамтамасыз ету туралы шарт жасалған. Осы тектес заң бұзушылыққа Халыққа қызмет көрсету орталығы тарапынан "Цезарь" күзет агенттігі" ЖШС арасында 318 мың теңгеге ғимараттардың күзетін қамтамасыз ету туралы шарт жасасқан кезде де жол берілген.

"Сөйтіп, бұл шарттарға қол қойған "Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік басқармасы директорының орынбасары А. Алекешев ҚР "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" заңның 12-ші бабының 1,4 және 5 тармақшаларында қарастырылған, сыбайлс жемқорлыққа алғышарттар жасайтын заң бұзушылықтарға барған", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, прокуратураның мәліметінше, нысанды ағымдағы жөндеу және күзетуге жүргізілген байқаулар да заң бұзушылықтармен жүзеге асырылған.

Облыстық прокуратура қозғаған тәртіптік өндірістің қорытындысы бойынша "Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік басқармасы директорының орынбасарлары ҚР Иділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының бұйрығымен жұмыстан шығарылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны