09.06.2009, 18:58 2958

Қостанай облысында су қоймаларында жаппай балық аулауға кеңінен мүмкіндік берілді

Қостанай облысында су қоймаларында жаппай балық аулауға кеңінен мүмкіндік берілді

Қостанай. 9 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қостанай облысында су қоймаларында жаппай балық аулауға кеңінен мүмкіндік берілді. Бұл туралы "Қостанай облыстық аумақтық балық шаруашылығы инспекциясы" мемлекеттік басқармасының бастығы Нұрқан Сәрсенов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Оның айтуынша, Қостанай облысындағы су қоймаларында ағымдағы жылы су деңгейі күрт төмендеп кеткен. Табиғи тіршілік ету ортасына балықтар сыймай барады. Бұл балықтардың тек қыс маусымында ғана емес, жазда да қырылып қалу мүмкіндігіне алып келуі ықтимал. Сол себепті балық аулауға кеңінен жол ашық.

Бүгінгі күні Қостанай облысында 5 гектардан аса аумағы бар 8600 жуық су қоймасы бар. Соның ішінде 664 ірі су қоймасы бар, оның 564-і жалға алушыларға тиесілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны