18.07.2012, 13:42 4148

Қостанай облысында тағы 45 гектар орман отқа оранды

Өрттің пайда болу себебі найзағайдың түсуі болып отыр. Қатты жел мен ауа температурасының жоғары болуы орман өртінің тез таралуына сеп болып, оны сөндіруде қиындық тудырды.

Астана. 18-шілде. Kazakhstan Today - Михайловск орман шаруашылығы мекемесінің Сазымбай орманшылығында кеше шамамен 45 га алқапта орман өрті орын алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып ҚазАқпарат агенттігі хабарлайды.

Сол күні сағат 22: 30-да орман күзетінің және өртке қарсы мемлекеттік қызметтің қызметкерлері өртті жойды. Қазіргі кезде оны толық ауыздықтау жөнінде шаралар қолданылуда.

Өрттің пайда болу себебі найзағайдың түсуі болып отыр. Қатты жел мен ауа температурасының жоғары болуы орман өртінің тез таралуына сеп болып, оны сөндіруде қиындық тудырды.

Өртті сөндіруге Михайловск орман шаруашылығы мекемесінің, Қарабалық ауданының өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлері, сондай-ақ ауылшаруашылық құрылымдары мен жергілікті халық қатысты. Барлығы өрт сөндіруге 40 адам, 4 өрт сөндіру машиналары, 6 трактор және 6 су тасу техникасы жұмылдырылды.

Орман өрті фактісі туралы Қостанай облысының ТЖД-ға хабарланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны