29.12.2016, 14:13 5235

Қостанай облысында тағы бір ірі елдімекен табиғи газға қосылды

Елдімекенде 4 000 астам адам тұрады. 35 көпқабатты және 700 жеке тұрғын үй газға қосылуға әзір. Сонымен қатар 36 коммуналдық-тұрмыстық және әлеуметтік нысанды газбен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік бар.

Астана. 29 желтоқсан. Kazakhstan Today - Ұлттық оператор "ҚазТрансГаз" АҚ"Қостанай облысыныӊ елді мекендерін газдандыру және газ тарату желілерін жаӊғырту" инвестициялық жобасы аясында Октябрь кентінде жеткізуші газ құбыры мен көшеаралық газ құбырларыныӊ құрылысын аяқтады.

Салтанатты шараға Қостанай облысыныӊ әкімі Архимед Мұхамбетов пен "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Бас директорыныӊ бірінші орынбасары Ғалым Айдосов қатысты.

Октябрь кентін газдандыру барысында 3,5 км жеткізуші және 36 км көшеаралық салынды. Елдімекенде 4 000 астам адам тұрады. 35 көпқабатты және 700 жеке тұрғын үй газға қосылуға әзір. Сонымен қатар 36 коммуналдық-тұрмыстық және әлеуметтік нысанды газбен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік бар.

Қостанай облысыныӊ әкімі Архимед Мұхамбетов:

"Жыл бойына облысымызда өӊір тұрғындарыныӊ әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатына айтарлықтай ықпал жасаған шаралар қолданылды. Тұрғын үй құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жол құрылысы салаларындағы инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру, шағын және орта бизнесті қолдау жаӊа серпін алды. Осындай ауқымды шешімдердіӊ бірі Ұлттық операторы "ҚазТрансГаз" акционерлік қоғамымен және "ҚазМұнайГаз" акционерлік қоғамы ұлттық компаниясымен біздіӊ облысымыздыӊ елді мекендерін газдандыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылуы болды. Тәуелсіздіктіӊ 25 жылдығына орай біз Октябрь кентін газбен жабдықтауды іске қосамыз. Бұл кенттіӊ одан арғы дамуына оӊ ықпал жасайды, оныӊ тұрғындарыныӊ өмір сүру сапасын айтарлықтай көтереді және жаӊа кәсіпорындар ашу үшін түрткі болады. Біз бұдан әрі де ауылда өмір сүру мен жұмыс істеу үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі жұмысымызды жалғастыра беретін боламыз".

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Бас директорыныӊ бірінші орынбасары Ғалым Айдосов:

"Былтыр облыс әкімдігімен арада жасалған меморандумға сәйкес биыл Қашар ауылына газ бердік. Бүгін осындай тағы бір салтанатты сәтке куә болу үшін жиналып тұрмыз. Міне сіздіӊ ауылдарыӊызға да көптен күткен көгілдір отын жетті. Газбен бірге үйлеріӊізге жылу мен жайлылық кіреді. Бұл жұмыстар биыл ғана басталды. Жоба бойынша бүкіл облыс газдандырылады. Газ саласы қызметкерлерініӊ еӊбегі бүкіл еліміздіӊ әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Бұл біздіӊ компанияныӊ Тәуелсіздігіміздіӊ 25 жылдығына жасаған сыйы деп білерсіздер. Ұлы даланыӊ қуаты Қостанайдыӊ әрбір тұрғынына жетеді".

Ауыл тұрғыны Меӊжамал Нұрсейітова:

""Көгілдір отыны" лаулап тұрған ауылдарға қызыға қарайтынбыз. Ондағы тұрғындар көмір тасып, ағаш жару дегенді әлдеқашан ұмытқан. Осындай қуанышты жаӊалық бізге де жетті. Біздіӊ өӊірдегі аяз баршаға аян. Енді газ қосылғаннан кейін біздіӊ үімізде де қысы-жазы жайлылық пен жылу болады".

"ҚазТрансГаз" АҚбұл жобаларды 2016-2017 жылдарға арналған ұзақмерзімді инвестициялық бағдарлама шеӊберінде жүзеге асыруды көздеп отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны