21.02.2008, 16:54 2959

Қостанай облысында тұрғын үйлердің тек 2% жылу есептеу құрылғыларымен қамтылған

Қостанай облысында тұрғын үйлердің тек 2% жылу есептеу құрылғыларымен қамтылған

Қостанай. 21-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қостанай облысында тұрғын үйлердің тек 2% жылу есептеу құрылғыларымен қамтылған. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қостанай облыстық Табиғи монополияларды реттеу агенттігі басқармасының бастығы Нұрлан Ибді хабарлады.

"2009 жылдың 1-қаңтарынан бастап газға, ыстық және суық суға, жылуға энергия шығынын есептегіш құралдар барлық жерде орнатылуы керек. Бұл міндеттемені 2006 жылы енгізген. Алайда бүгінгі таңда Қостанай облысында осыған байланысты проблема туындап отыр. Бір үйге ортақ жылу есептегіш құралдарды орнатуға барлық кәсіпорындар мен пәтер иелері кооперативтерінің қауқары жетпейді", - деп мәлімдеді Н. Ибді.

"Мұндай бір есептегіш құралдың бағасы 200 мың мен 350 мың теңгенің аралығында. Оны үйлер мен пәтер иелері кооперативтерінің тұрғындары өз қаражаттарына орнатулары қажет. Есептегіш құралдарды орнату кезінде үйдің жылу кестесін толығымен өзгерту керек. Бұл жоғарыдағы санды есептемегенде өте қымбатқа түседі", - деп мәлім етті Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің басқармасы.

Ал сонымен бірге орнатылған есептегіш құралдар бойынша ақша үнемдеу норматив бойынша жылу құнының жартысын құрауы мүмкін", - деп сендіріп отыр монополияға қарсы мекеменің қызметкерлері арнайы зерттеулер нәтижелерін сараптай отырып.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны