22.10.2012, 18:33 3390

Қостанай облысында ҮИИД аясында көкөніс қоймасы салынды

"Сыйымдылығы 3 мың тоннаны құрайтын көкөніс қоймасының құрылысы аяқталуға жақын. Жұмыс 90 %-ға орындалды және қоймаға таяу арада алғашқы картоп өнімі сақталады. Құрылыста заманауи үлгідегі металл конструкциялар мен қабырға панельдері және ыстық пен суықты өткізбейтін, қыс пен жаз мезгідінде салқын етіп тұратын қалыңдығы 20 мм пенопласт пайдаланылды. Құрылыс қымбатқа түсті, неміс желдеткіш құрылғылары сатып алынды, оны таяу арада орнатамыз", - деп атап өтті Сәбит Жайлаубаев.

Астана. 22-қазан. Kazakhstan Today - Қостанай облысында ҮИИД аясында құны 100 млн теңгені құрайтын көкөніс қоймасы салынуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы "Ермек және К" ЖШС директоры Сәбит Жайлаубаев мәлім еткен.

"Сыйымдылығы 3 мың тоннаны құрайтын көкөніс қоймасының құрылысы аяқталуға жақын. Жұмыс 90 %-ға орындалды және қоймаға таяу арада алғашқы картоп өнімі сақталады. Құрылыста заманауи үлгідегі металл конструкциялар мен қабырға панельдері және ыстық пен суықты өткізбейтін, қыс пен жаз мезгідінде салқын етіп тұратын қалыңдығы 20 мм пенопласт пайдаланылды. Құрылыс қымбатқа түсті, неміс желдеткіш құрылғылары сатып алынды, оны таяу арада орнатамыз", - деп атап өтті Сәбит Жайлаубаев.

Оның айтуынша, көкөніс қоймасы "Индустрияландыру картасы" аясында салынып жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны