29.12.2008, 12:33 1553

Қостанай облысында жыл басынан бастап барлық коммуналдық қызметтердің тарифтері өзгереді

Қостанай облысында жыл басынан бастап барлық коммуналдық қызметтердің тарифтері өзгереді

Қостанай. 29 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қостанай облысында 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық коммуналдық қызметтердің тарифтері өзгереді. Бұл туралы Қазақстан Бүгін тілшісіне қалалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың жоспарлау бөлімдері хабарлады.

"ҚР заңнамасына сәйкес, 1 қаңтардан бастап коммуналдық қызметтер саласындағы ҚҚС 13-тен 12% дейін төмендетіледі. Осыған байланысты жыл басынан бастап барлық коммуналдық қызметтердің тарифтері төмендейді", -деп түсіндірді "Қостанай Су" МКК жоспарлау бөліміндегілер.

МКК мәліметінше, суық судың бір текше метрінің бағасы 30,51-ден 30,24 теңгеге дейін, кәріз құны - 25,99-дан 25,76 теңгеге дейін төмендейді. Ирбір адамнан алынатын төлем 398 теңгенің орнына 395,14 теңге болмақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны