14.04.2014, 19:14 5372

Қостанай облысында жол-көліктік травматизмнің алдын алу акциясы өтті

Қостанай облысында жол-көліктік травматизмнің алдын алу акциясы өтті

Алматы. 14 сәуір. Kazakhstan today. Қостанай облыстық ІІД полицейлері "Сіздің жолаушы - бала" атты жол-көліктік травматизмінің алдын алу акциясын өткізді.

"Қостанай - Рудный, Лисаковск" бағыты бойынша өткен автосайысқа ҚЖИ бөлімдері, "ЗОЖ" облыс орталығы мамандары, жергілікті автомектеп өкілдері мен журналистер қатысты, деп хабарлайды ұйымдастырушылар. 10 көліктен тұратын автоколонна халықтың көп шоғырланған жрлеріне тоқтап, белсенділер жол ережеері белгілерін қолдана отырып түрлі илер ұйымдастырып, жол жүру ережелері туралы мәліметтер берді.

"Қостанай облысында жыл басынан бері кәмелеттік жасқа толмағандардың қатысуымен 19 апат орын алған. Нәтижесінде 22 бала жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен. Біз осы шара арқылы жол-көлік травматизмінің алдын алуды мақсат еттік", - дейді Қостанай облыстық ІІД АКБ аа инспекторы Юрий Панасенко.

"Сіздің жолаушы - бала" акциясы Қостанайда көпшілік флешмобпен бастады. №18 мектеп гимназиясының 50 шақты оқушысы Абай көшесі бойында синхронды имен көпшіліктің назарын аударды. Автоколонна қаланың басты даңғылымен жүріп өтіп, рудныйға бағыт ады. Қаланың ортасында елсендіерді №15 мектептің оқушылары қарсы ады. Оқушылар жол ережелері туралы ән шырқап, тақпақ айтты. Сонымен қатар шара белссенділері халыққа жол жүру ережелері жазылған парақшалар таратты.

Автоколоннаның бұдан кейінгі пункті Лисаковск қаласы болды. Мұнда балалар апатымен күрес жұмыстары "ақылды қала" жобасының көмегімен жүзеге асырылуда. Осы жоба негізінде мектептер, коммуналды мекемелер мен тәртіп сақшылары әріптестік құрған. Аталмыш жобаның алғашқы инновацияларының ірі ретінде интеллектуалды жаяу жүргіншілер жолы. Сонымен қатар мамандар бағдаршамдарға да қозғалысты реттегіш құрылғысын орнатқан. Енді бағдаршамдағы сары түс тек жолаушының жолайрыққа екі метр қалғанында ғана жанатын болады. Сонымен қатар "ақылды мектеп" жобасының екінші бағыты бойынша өткен жылы оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өркениетті шаралар қолға алынды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны