15.02.2010, 10:47 4124

Қостанай облыстық прокуратурасы улы химикаттарды жоюға ақша бөлдіруге қол жеткізді

Қостанай облыстық прокуратурасы улы химикаттарды жоюға ақша бөлдіруге қол жеткізді

Қостанай. 15 ақпан. Kazakhstan Today - Қостанай облыстық прокуратурасы улы химикаттарды жоюға ақша бөлдіруге қол жеткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today қадағалаушы органның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қостанай облыстық прокуратурасының таныстыруымен облыстық бюджеттен пайдаланылмаған және жарамсыз болып қалған улы химикаттарды көму мен жоюға 2 млн 850 мың теңге бөлінген.

"Прокуратура қызметкерлері 2009 жылдың тамыз айында жүргізген тексеру қорытындысы көрсеткендей, облыс аумағында ауылшаруашылығы өндірісінде жарамсыз болып қалған 700 тоннадан астам улы қалдық облыс аумағында жиналған. Соның ішінде облыстың бес ауданында ауылшаруашылығы дақылдарының зиянкестерімен күрес мақсатында бюджет қаржысы есебінен сатып алған пестицидтердің кәдеге жаратылмаған орамалары қалған", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 20 және 97-ші, Қазақстан Республикасының "Өсімдік қорғау туралы" заңының 9 және 20-шы баптарында улы химикаттар мен оларды салған немесе ораған бумаларды жоюды бюджет қаржысының есебінен қаржыландыру қарастырылған.

Бұған қоса Қостанай облысында 2008-2010 жылдарға дейінгі қоршаған ортаны қорғаудың өңірлік бағдарламасы бар, алайда, соған қарамастан, заң бұзушылықты жою туралы таныстыру берілгеннен кейін ғана ақша облыстық бюджеттен бөлінген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны