31.08.2010, 15:20 9665

Қостанай өзінің 131-ші туған күнін атап өтті

Қостанай тұрғындары кеше Қазақстанның Конституция күнін ғана емес, өзінің 131-ші туған күнін де атап өтті. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне қала әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Қостанай. 31-тамыз. Kazakhstan Today - Қостанай тұрғындары кеше Қазақстанның Конституция күнін ғана емес, өзінің 131-ші туған күнін де атап өтті. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне қала әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Қостанайдың 131 туған күніне арналған мерекелік шара облыстық әкімшіліктің алдындағы орталық алаңда таңғы сағат 11.00 Астанадағы әскери шерудің тікелей трансляциясымен басталған. Сондай-ақ, мерекеге орай "Қостанай аруы - 2010" қалалық бәскесі өтті. Сонымен қатар, эстрадалық оркесторлардың ретроконцерті, Қазақстан мен Ресей эстрадасының жұлдыздарының қатысуымен концерт өткізілген. Бұл жолы Қостанайлықтарды құттықтауға арнайы "Ринго" тобы, Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева, сондай-ақ ресейлік әнші Анастасия Стоцкая келген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны