07.08.2012, 15:43 2891

Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындары Алматының мәдени өміріне қанық болмақ

Заманауи өнерді дәріптеу және жұртшылықты өнерге қатыстыру мақсатымен 8-11 тамыз аралығында Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында Алматының Мәдениет күндері өтеді.

Алматы. 7-тамыз. Kazakhstan Today - Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындары Алматының мәдени өміріне қанық болмақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Заманауи өнерді дәріптеу және жұртшылықты өнерге қатыстыру мақсатымен 8-11 тамыз аралығында Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында Алматының Мәдениет күндері өтеді.

Қостанай және Петропавлға Алматы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов бастаған ресми және шығармашылық делегация келеді.

Алматы еліміздің мәдени орталығы болып табылады. Мұнда негізгі тарихи-мәдени әлеует шоғырланған - бұл жетекші театрлық-көркемдік, мұражайлық, кітапханалық ұйымдар мен оқу мекемелері. Қалада 18 театр, 50 мұражай, 22 концерттік ұйым, цирк, хайуанаттар бағы, сондай-ақ 32 республикалық және қалалық кітапхана жұмыс істеуде.

Алматы Мәдениет күндерінің аясында "Сазген сазы" атты фольклорлық-этнографиялық ансамблінің гала-концерті өтеді. Музыканы бағалаушылардың назарларына халықтық фольклорлы-аспаптық және ән жанрының үздік үлгілері ұсынылады. Көрермендер алдында ҚР Еңбек сіңірген қайраткер Айгүл Қосанова, ҚР Еңбек сіңірген әртіс Бағдат Сәмидинова, Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солистері Гүлзат Дауырбаева, Мейір Байнешов және тағы басқалары өнер көрсетеді.

Сондай-ақ бағдарламада - Алматы туралы фотокөрме. Танымал шеберлер ұсынған фотосуреттер топтамасы еліміздің ең ірі қаласының өмірін кеңінен суреттейді, уақыт тынысын сезінуге, оңтүстік астананың тәуелсіздік жылдарында болған тарихи өзгерістердің куәсі болуға, алматылықтардың ықыласы мен қонақжайлылығын, ұлттық дәстүрлерді сақтауға ұмтылысын көруге мүмкіндік береді.

Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының жастары үшін ұйымдастырушылар "Индиго", "Кеш,Ю", "Ринго" топтары, "Бакарди" дуэті, Луин, Ерболат Құдайбергенов және Нұржан Керменбаевтың қатысуымен би кешін дайындады. Концерттер мерекелік отшашумен аяқталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны