30.06.2015, 12:33 7688

"Қостанай-Астана" пойызына арналған жеӊілдік

"Жолаушылар тасымалы" АҚ №94 "Қостанай-Астана" қатынасындағы "Тұлпар-Тальго" жүрдек пойызына 2015 жылғы 23 маусымнан бастап 15% мөлшерінде қосымша жеӊілдік енгізілгені туралы хабарлайды

Алматы. 30 Маусым. Kazakhstan Today - "Жолаушылар тасымалы" АҚ №94 "Қостанай-Астана" қатынасындағы "Тұлпар-Тальго" жүрдек пойызына 2015 жылғы 23 маусымнан бастап 15% мөлшерінде қосымша жеӊілдік енгізілгені туралы хабарлайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сондай-ақ барлық "Тұлпар-Тальго" пойыздарына билеттіӊ ерте-кеш (сатып алу күні) сатылуына және сұранысқа (пойыздағы халық саны) байланысты жол жүру құны өзгеріп отыратын тарифті динамикалық басқару бағдарламасы қолданылатынын ескертеміз. Билетті ерте сатып алған жолаушыныӊ билетті негізгі құнынан 35% дейін төмен бағаға сатып алуға мүмкіндігі бар. Пойыз жөнелтілетін күнге қарай және сұраныс өскен жағдайда билет құны да өсетін болады.

Осылайша "Қостанай-Астана" пойызына жолаушылар үшін жеӊілдік 50% дейін жетуі мүмкін.

Мәселен, "Турист" типті вагонға (төсек-орын жиынтығын қоспағанда) билеттіӊ негізгі құны 6 547 теӊге ) билетті:

- 40 күн қалғанға дейін сатып алған жағдайда, 35% тарифті динамикалық басқару жеӊілдігі қолданылады. "Қостанай-Астана" пойызы жолаушыларына осы сомаға тағы да 15% қосымша жеӊілдік қосылады. Соӊында билет құны төсек-орын жиынтықтарын қоса есептегенде 3 873 теӊге болады.

- 7 күн қалғанға дейін сатып алған жағдайда, 15% тарифті динамикалық басқару жеӊілдігі қолданылады. "Қостанай-Астана" пойызы жолаушыларына осы сомаға тағы да 15% қосымша жеӊілдік қосылады. Соӊында билет құны төсек-орын жиынтықтарын қоса есептегенде 5 546 теӊге болады.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ Баспа қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны