13.09.2016, 11:19 2528

Қостанайда 94 отбасы жаӊа пәтерге ие болды

Жаӊа тұрғын үй "Нұрлы жол" жалға беру әлеуметтік бағдарламасы бойынша салынды.

Қостанай. 13 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қостанай қаласында "Алтын Арман" шағын ауданындағы тұрғын үйдегі пәтер кілттері табысталды, деп хабарлады Қостанай облысы әкімдігі.

Жаӊа тұрғын үй "Нұрлы жол" жалға беру әлеуметтік бағдарламасы бойынша салынды, оныӊ операторы "Бәйтерек" холдингініӊ Қазақстандық ипотекалық компаниясы болып табылады. Кезекте тұрғандардыӊ ішінде 94 отбасы пәтерге ие болды.

Хабарламада нақтыланғандай, әкімдік "Бәйтерек" холдингініӊ еншілес компанияларымен бірге тұрғын үй бағдарламасы бойынша құрылыстыӊ қарқынды жүруі тұрғысында кешендік шаралар қабылдап жатыр.

Қазіргі таӊда "Бәйтерек девелопмент" пен "Қазақстанныӊ ипотекалық компаниясы" ынтымақтастығы аясында Қостанай қаласыныӊ шағын аудандарында 9 тұрғын үйдіӊ құрылысы жүріп жатыр.

Жалпы, облыс орталығында адамдарды баспанамен қамту мәселесі бойынша 5 аудан жаппай құрылыс алаӊы ретінде таӊдалды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны