26.06.2009, 10:32 1134

Қостанайда "Альянс Банктен" несие алуға өтініш берген азаматтардың жеке құжаттарының көшірмелері қоқыстың ішінен табылды

Қостанайда "Альянс Банктен" несие алуға өтініш берген азаматтардың жеке құжаттарының көшірмелері қоқыстың ішінен табылды

Қостанай. 26 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қостанайда "Альянс Банктен" несие алуға өтініш берген азаматтардың жеке құжаттарының көшірмелері қоқыстың ішінен табылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Қостанайлық филиалдың директоры Евгений Шевкунның айтуынша, банк ұжымының бұл оқиғаға ешбір қатысы жоқ.

"Құжаттар "Альянс Retail Group" ЖШС-інде сақталған болуы мүмкін. Олай дейтініміз, СТН, жеке куәліктер мен басқа да құжаттар топтамасының ішінде осы ЖШС-тің жарнамалық парақшалары да жатқан", - деді Е. Шевкун.

Оның хабарлауынша, "Альянс Retail Group" ЖШС банктің контрагенті болған, яғни, оған клиенттерді тартумен шұғылданған. Олар несие алуға ниет білдірген азаматтардан құжататрды жинап, оларды электронды поштамен "Альянс Банктің" қарауына ұсынып отырған.

Қостанайлық филиалдың директорының айтуынша, аталған көшірмелер оларға жетпей қалған. Ал "Альянс Retail Group" ЖШС, оның айтуынша, екі жыл бұрын Қостанайдағы қызметкерлерін таратып жіберген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне
гиперсілтеме жасау міндетті.
«Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны